«Поэзия алыбы – Мұқағали»
Қазақтың ұлы ақыны, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұқағали Мақатаевтың «Поэзия алыбы – Мұқағали» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Мұқағали Мақатаевтың шығармалары, өлеңдер жинағы мен аудармалары, мерзімді басылым материалдары қойылды. Мақсаты: оқырмандарды Мұқағали Мақатаевтың өмірімен, өнерімен таныстыру. Оқушыларды өз елінің мәдениетін құрметтеуге, адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу. #оқуғақұштармектеп #тәрбиежәнебілім #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Бесқарағай